Қайырлы күн менің оқырмандарым, жанкүйерлерім, ізбасарларым және де қалған таныстарым! Бүгін мен біршама зат сатып алдым, бұл алғашқы уақытқа қажетті азық-түліктер. Осы жазбаның басты мақсаты- оқырмандарды жергілікті бағалармен таныстырып, шолу жасау. Сатып алу үрдісі аймақтық СОUNTDOWN супермаркетінде болды.
Сонымен, бағасымен бірге суреттер
Ал енді мән-жайды түсінбеген жандар үшін, аудармасымен ұсынылган есепшот ( тек теңгеге аударуға жалқауландым, қызығушылық танытқан адам өзі теңестіріп алар):
Егер қателіктер тапқан болсаңыздар уялмай жазыңыздар,түзетемін!
Айта кетерлік жайт, әрдайым жеңілдіктер іске асырылып отырады, мысалы мында дискаунт желісін бақылап отырсаңыз болады. Бүгін мен екі литр шырынды, екі майлық қағаздарын және тауықты жеңілдікпен сатып алдым.
Өзім үшін назарға алган бір жайт, жеңілдігі бар үлкен қаптамадағы өнімді алмас бұрын жарамдылық мерзіміне қараған дұрыс, себебі жалғыз өзіңізге бұл өнімді тауысы қиынға соғады.
Келесі жолы басқа ірі супермаркетке шолу жасап коремін, шамамен бір аптадан кейін.
Қыдыруға уақытым болмағандықтан, қаланың суреттері кейінірек болады =)
Ал шыдамсыздана қаланы көргісі келіп отырғандарға баска Киви мақаласына көз салуды ұсынамын.